Басты

Қай елдер Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің ірі нысандарын салуды көздеп отыр?

Франция, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің ірі нысандарын салуға ниетті. Бұл елдердің компаниялары жеке келісімдер жасау туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Jibek Joly.

Тиісті басқарма басшысы Болат Ақшолақовтың айтуынша, олар электр энергиясының құнын қазіргі аукциондық бағадан төмен сатуды ұсынып отыр.

Фото: primeminister.kz

Айта кетейік, министрдің айтуынша, бүгінгі жоғарыда аталған салаға салынған инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асты. Енді еліміз энергетикалық балансындағы баламалы энергия көздерінің үлесін: биыл – төртке дейін, ал 2025 жылға қарай – алты пайызға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Осы мақсаттарға жету үшін республикада 3 жыл ішінде жаңартылатын энергия көздерінің 48 нысанын қосымша пайдалануға беру жоспарлануда.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

– Ағымдағы жылдың қараша айында жалпы қуаты 690 МВт жаңартылатын энергия көздері жобалары бойынша аукциондар өткізу жоспарлануда. Бұл аукциондарды өткізу ағымдағы жылы жаңартылатын энергия секторындағы инвесторларды қолдау бойынша күшейтілген шаралар есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Салаға жаңа жүйелі шаралардың енгізілуі жайлы айтқан Болат Ақшолақов, Бұл таза көмір технологияларын, жаңартылатын энергия көздерін, заманауи газ және ядролық генерацияны және Smart Grid смарт жүйесін пайдалана отырып, ESG қағидаттарына негізделген даму қызметі. Бұл жаңалықтардың барлығы еліміздің электр энергетикасын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасында қарастырылған деп айтты.

Source
Jibek Joly

TuraNews

Back to top button