ҚоғамСаясат

Prime Motors ұжымымен Президент Жолдауының басымдықтары талқыланды

«Әділет» партиясының өкілдері Өскемен қаласындағы «Prime Motors» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндірді.

Айта кетейік, «Prime Motors» ЖШС – BYD, Tank және Changan автокөлік маркаларының ресми өкілі.

Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар партия өкілдері Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда кәсіпкерлік саласының, шағын және орта бизнестің, сондай-ақ жеке сектордың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ашық форматта өткен жиын Жолдауда белгіленген міндеттердің мән-маңызын талқылауға және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік берді.

TuraNews

Back to top button