Әлем

Әзербайжанда 4,5 балдық жер сілкінісі болды

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының (ӘҰҒА) Республикалық сейсмологиялық қызметі орталығының хабарламасы бойынша, 29 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 19:49-да Мингечевир қаласында жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Жер сілкінісіні аймағына, жақын жатқан елді мекендерде 4-3 балға дейінгі жерасты дүмпуі сезілді. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі 23 шақырымды құраған, магнитудасы – 4,5 болды.

Ғимараттардың қирауы туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ.

TuraNews

Back to top button