ӘлемБасты

Түркияда жер сілкінісінен 49 күн өткенде үйінді астынан мысық аман табылды

Түркияның Қахраманмараш өлкесінде жер сілкінісінен кейін 49 күн өткенде «Хан» атты мысық аман табылды.

6 ақпанда жер сілкінісі болған кезде туризм бизнесімен айналысатын 36 жастағы Нида Дина қызы Нил Берил Ташгетиренмен және 2 жасар Хан атты британдық мысығымен бірге үйде еді, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Олар «12 Ақпан» ауданындағы Рейхан Кент, 1 мекенжайында көппәтерлі үйде тұрған.

Дина алғашқы жер сілкінісі болған кезде қызымен бірге тез-тез үйден қашып шыққан, ал мысық сол күйі пәтерде қалып қойған.

Сол күнгі екінші зілзаладан кейін 11 қабатты үй қирап, түгел құлады. Қирандының астында қалған мысықты табу мүмкін болмаған.

Нида Дина үйіндінің қасынан кетпей 40 күнге жуық көлікте отырып, мысығын күтті. Ол мысығының суретін жақын маңдағы адамдарға көрсетіп, көрген-көрмегенін сұрап шыққанын айтады, алайда көп адам оны түсінбеген.

Арада 49 күн өткенде Хан тірі табылғанда ол өз көзіне сене алмай, қатты қуанды.

Мысық жүре алмайды, аяғы сынған. Ол қазір емделіп жатыр.

TuraNews

Back to top button