
Алакөл мен Балқаш – қазақстандықтар арасында жазғы демалыс үшін сұранысқа ие бағыттардың бірі. Былтыр бұл бағыттарға аптасына үш рейс орындалса, биыл олардың саны беске дейін артты.
Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Әуе билетінің құны 16–20 мың теңге аралығында.
«2027 жылы бұл бағыттар бойынша рейстер саны арта түспек. Сұраныс жоғары. Бұл мәселені пысықтаймыз. Субсидиялар да сақталады», – деді министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.



