БастыДенсаулық

Түркия сауықтыру туризмі дамыған әлемнің үздік 10 елінің қатарында

Түркияның өткен жылы сауықтыру туризмінен табысы 2,3 миллиард долларды құрады.

Бұл туралы ақпаратты Түркияның Сауда министрлігі хабарлайды.

Түркия халықаралық деңгейде аккредиттелген 40 медициналық мекемемен сауықтыру туризмі бойынша әлемде жетінші орында тұр. Өткен жылы Түркияға ем іздеп келген шетел азаматтарының саны 1 миллион 400 мыңға жетіп, түрік елінің бұл саладағы табысы 2,3 миллиард АҚШ долларын құрады.

Министрліктің мәліметінше, Түркияға сауықтыру туризмі үшін ең жиі баратын елдер арасында Әзірбайжан, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ауғанстан бар.

Айта кетейік, әлемде медициналық туризмі ілгерілеп тұрған мемлекет – Канада. Ал Орталық Азиядада – ол Қазақстан. Жыл сайын елімізге 3000 мейман денсаулығын түзеу мақсатында келеді.

Нейро және кардиохирургия, перинаталды медицина, нейрология, ортопедия, стоматология. Бұл елімізге емделуге келген туристердің жиі жүгінетін саласы.

 

TuraNews

Back to top button