Әлем

Ташкентте «Ақылды қалалар» конференциясы өтті

Ташкентте «Тұрақты даму үшін жасыл инновациялар» тақырыбымен өткен «InnoWeek – 2022» халықаралық инновациялық идеялар апталығы аясында «Ақылды қалалар» бойынша маманданған информатика мамандарына арналған сарапшылық конференциясы өтті.

Конференция Өзбекстан Республикасының Президенті Шевкет Мирзиеев мырзаның 2021 жылы 12 қарашада Ыстамбұлда өткен TDT 8-ші саммитінде жасаған ұсынысына сәйкес іс-шаралар аясында өткізілді.

Конференция аясында жоба директоры Фаррух Жұмаев модераторлық еткен «Ақылды қала тұжырымдамасы және үкіметтің келбетін өзгерту» және жоба директоры Шокиржон Рахматов модераторлық еткен «Ақылды қаланы зерттеу: Түрік аймағындағы технологиялар мен инфрақұрылым» тақырыптарында екі панельдік сессия өтті. Отырыстарда ТМҰ-на мүше және бақылаушы мемлекеттерден және Оңтүстік Корея мен Израильдің тиісті мекемелері мен IT-компанияларынаң сарапшылар бір неше таныстырымлар жасады. Сондай-ақ конференцияда, экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік басқаруда смарт қала тұжырымдамасының стратегиясы мен жүзеге асырылуы бойынша интерактивті пікірталастар болды.

 

Source
Turkkon.org

TuraNews

Back to top button