Технология

Қазақстан Түркиямен KazSat жерсерігін алмастыру бойынша ынтымақтасады

Қазақстан мен Түркия ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы әріптестікті кеңейтуге ниетті. Атап айтқанда, тараптар KazSat 3 жерсерігін KazSat 3R-ге ауыстыру жобасы аясында ынтымақтасуды жоспарлап отыр. Түркияда қорғаныс өнеркәсібі агенттігі және TurkishAerospace өкілдерімен өткен кездесудің қорытындысын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Қазақстанның мемлекеттік ретте, Түркияның ғарыштық технологиялар өндірушілерінің жинақталған техникалық әзірлемелер тәжірибесіне қызығушылығы бар екенін атап өткен Министр Бағдат Мусин, әсіресе KazSat 3 пайдаланудан шығарылғанға дейін жетілдірілген жер серігін жасау қажет екенін айтты. Осылайша жаңа жер серігі, хабар тарату және байланыс қызметтерін тарату жұмысын үздіксіз жалғастырады деп айтқан министр, Ақпан айына дейін техникалық құжаттама, сондай-ақ соңғы есептеулер дайын болуы тиіс деп мәлімдеді.

Минимстр Бағдат Мусин инстаграм парақшасында,

 «Turkish Aerospace – авиация және ғарыш саласындағы әлемдегі ең ірі 100 қорғаныс компаниясының қатарына кіретінін ескере отырып, ондаған жерсерік шығарған әріптестеріміздің тәжірибесі біз үшін пайдалы екені анық. Біз де жерсерік өндірісін осындай деңгейге көтере аламыз деп үміттенемін.» деп жазды.

 

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

Bagdat Mussin (@bagdatmussin)’in paylaştığı bir gönderi

TuraNews

Back to top button