Басты

Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға 22 қазанда «Жасөркен» шекара бөлімшесінде болған.

Бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде шекарашылар мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтпек болған төрт шетелдікті ұстады.

Комитеттің мәліметінше, төртеуі де — Пәкістан азаматтары.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Via
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button