
1941–1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысты өз көзімен көрген қазақ жауынгері Қайыржан Мұхтаровтың майдан күнделігі алғаш рет ағылшын тілінде кітап болып жарық көрді.
A Teacher’s Voice from the Front: A Kazakh Soldier’s War Diary, 1941–1945 атты кітапқа Қайыржан Мұхтаровтың соғыс жылдарында тікелей майданда жүргізген күнделігі негіз болған.
Қайыржан Мұхтаров соғысқа дейін мұғалім болған. 1941 жылғы 22 маусымнан бастап майданда жүріп, Беларусь, Ресей, Украина, Румыния, Венгрия және Австрия аумағындағы соғыс жолынан өтті. Күнделікте шегіну, қоршауда қалу, шайқастар, аштық, майдандағы күнделікті өмір мен жауынгерлердің көңіл күйі қарапайым солдаттың көзімен баяндалады.
Соғыстан кейін Қайыржан Мұхтаров Қазақстанға оралып, өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнады. Математика пәнінен сабақ беріп, жүздеген шәкірт тәрбиеледі.
Күнделіктің түпнұсқасы бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде сақтаулы.
Ағылшын тіліндегі басылымды оның немересі Аршат Оразов дайындап, аударған. Кітапқа тарихи түсіндірмелер, майдан және соғыстан кейінгі кезеңнің фотосуреттері, жауынгерлік жолы туралы мәліметтер және күнделіктің түпнұсқа беттерінің көшірмелері енгізілген.
Кітап Amazon платформасында қағаз және электронды форматта қолжетімді.
Amazon-нан кітапты көру https://a.co/04CQF8RF


