БастыМәдениет
Trending

Қазақстандық білім ордалары Түркі әлемі одағына мүше болды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті Түркі әлемі өнер университеттері одағына мүше болды. Түркия астанасы Анкара қаласында өткен одақтың алтыншы отырысында қос жоғары оқу орны ұйым құрамына ресми түрде қабылданды. Бұл қазақстандық өнер ордаларының бауырлас елдермен шығармашылық байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен 2023 жылы құрылған Түркі әлемі өнер университеттері одағына 7 жоғары оқу орны мүше.

Раушан Нұртаза, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры:

Бұл — тарихи оқиға. Себебі біз бірінші рет қол қойып жатырмыз. Бірінші рет сондай Одаққа кіріп жатырмыз. Жалпы, университет әлемдік мынадай кеңестерге кіреді. Еуропалық немесе басқа елдерден. Бірақ түркі әлемі, әрине, ерекше.

Айзада Бұлтбаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры:

Білім беру бағдарламаларына, әрі қарай студенттердің, магистранттардың академиялық ұтқырлығына, шет мемлекеттеріне білім алып, консерваторияның әрі қарай танылуына, шығармашылық байланыстарға, шығармашылық дамуға, концерттік болсын, білім бағдарламасы болсын жан-жақтан дамуға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Source
Qazaqstan TV

TuraNews

Back to top button