Спорт

Нұрсұлтан Тұрсынов – екі дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдеге ие болды.

87 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тұрсынов финалда ирандық Насер Гасем Ализадемен белдесті. 

Өкінішке қарай, қазақстандық балуан жекпе-жекте бірде-бір ұпай ала алмады. Ирандық балуан 5:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Нұрсұлтан Тұрсынов пен Насер Гасем Ализаде 2023 жылғы Азия чемпионатының да финалында кездескен болатын.

Сол сында да Ализаде 8:0 есебімен басымдық танытқан. Осылайша, Тұрсынов қатарынан екінші рет Азия чемпионатының күмісін иеленіп отыр.

 

Source
ҚР ҰОК

TuraNews

Back to top button