Әлем
Ыстанбұлда арыстанды аулау операциясы жүріп жатыр
Ыстанбұлдың Сарыер ауданында кеше кешкісін байқалған арыстанды іздеу жұмыстары басталды
Түркиялық Hürriyet басылымының мәліметінше, Ыстанбұлдың Сарыер ауданында жергілікті тұрғындардың бірі арыстан көргенін хабарлағаннан кейін шұғыл қызметтер іздестіру жұмыстарына кірісті.
Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында оның ұрғашы арыстан екені анықталды. Осыған байланысты Жандармерия қызметкерлері аудан тұрғындарына барынша сақ болуды ескертті. Арнайы топтардың аумақта жүргізіп жатқан іздеу операциясы әуеден де түсірілген.

Ыстанбұл губернаторлығының ресми хабарламасында арыстанның жүрген аумағы анықталғаны және жыртқышты тірідей қолға түсіру үшін барлық қажетті сақтық шаралары қабылданып жатқаны айтылды.



