Қоғам

Жезқазғандағы теміржол өткелі арқылы өтетін көпір биыл орташа жөндеуден өтеді

Бұл жайында Ұлытау облысы әкімі орынбасары Алмаз Ыдырысов өңірлік коммуникациялар алаңында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте баяндады. Белгілі болғандай, көптен тұралап қалған жоба — аэропорт бағытындағы теміржол өткелі арқылы өтетін көпірді орташа жөндеу жұмыстары биыл жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 780,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жалпы Жезқазғанда биыл жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды құрайтын 13 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Алашахан даңғылы (Байқоңыров көшесінен айналма жолға дейін);

— Есенберлин көшесі (М.Жәлел көшесінен Шығыс айналма жолына дейін)
-Шығыс айналма жолы (Гагарин көшесіндегі айналма жолдан Тимирязев көшесіне дейін)
— Холмецкий көшесі (Пушкин көшесінен Тимирязев көшесіне дейін)
— Пушкин көшесі (Сәтбаев көшесінен Садовое кольцо көшесіне дейін)
— Қаражар көшесі (Сәтбаев көшесінен МАИ ғимаратына дейін)
— Бөгенбай батыр ықшам ауданының көшелері – 7 көше (Заводская, Щорса, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутова, Шинтуринов көшелері)
— ПК 16+22,5 темір жол өткелі (Е-123 автомобиль жолынан А-17 «Қызылорда – Қарағанды» автомобил

 

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

@ulytau_oblysy’in paylaştığı bir gönderi

TuraNews

Back to top button