Басты

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жалғасыуда

29 қыркүйекте, төртінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Түркияда басталды.

Бұған дейін үш рет (2014, 2016 және 2018 жылдары) Қырғызстандағы Ыстықкөлдің жағасында өткен Көшпенділер ойындары, 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында елдің солтүстік-батысындағы Изник ​​аймағында өтеді.

Жарыстың ұйымдастырушысы – Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы.

Ойындардың ашылу салтанатына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысады.

Ойындарға әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Жарыстар спорттың 13 түрінен өтеді.

Спортшылар күрес, ат спорты және садақ ату сайыстарында бақтарын сынамақ.

Ойындар өтетін жерде шеберханалар  салынып, ойындарды тамашалу үшін кедген қонақтар дәстүрлі тағамдардан дәм тата алады .

Атқа міну, садақ ату, дәстүрлі балалар ойындары, балалар шығармашылығы шеберханалары, скаутинг және иппотерапия (ат терапиясы) салаларында, әсіресе, балалар көңілді және уақыттарын толық өткізеді.

Ойындар барысында Концерттік бағдарлама жоспарланған.

Түрік әуе күштерінің пилотаждық командасы «Türk Yıldızları» («Түрік жұлдыздары») қызықты әуе шоуын көрсетеді.

TuraNews

Back to top button