Әлем

Ердоған Түркияның тұңғыш ғарышкерін қабылдады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның алғашқы ғарыш миссиясын сәтті аяқтап еліне оралған Альпер Гезеравжыны Есенбоға әуежайында қарсы алды.

Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжымен бас қосты.

Есенбоға әуежайында Ердоған Түркияның алғашқы ғарыш миссиясын абыроймен аяқтап Анкараға келген Гезеравжы және оның отбасын қабылдады.

Бас қосуда, Гезеравжы өзімен бірге ғарышқа алып барып келген түрік туын түрік президентіне табыстады, Ердоған да Гезеравжыға сағат сыйлады.

Сондай-ақ кездесуге Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған мен Индустрия және технология министрі Мехмет Фатих Качыр да қатысты.

 

TuraNews

Back to top button