Туризм

Батуми World Travel Awards сыйлығын алды

Өткен сенбі күні Майоркада өткен 29-шы World Travel Awards марапаттау кешінде Батуми қаласы «Еуропаның үздік дамып келе жатқан туристік бағыты» жүлдесін жеңіп алды.

Аджария Автономиялық Республикасының президенті Торнике Рижвадзе Батуми Еуропадағы он туристік бағыттың арасында жүлдені жеңіп алғанын және ресми түрде 2023 World Travel Awards шарасын өткізуші қала ретінде таңдалғанын хабарлады

1993 жылдан бері өткізіліп жатқан шарада, әлемге әйгілі қонақ үйлер, туристік агенттіктер, туристік мекен-жайлар, туристік бағыттар, туроператорлармен теңіз, автомобиль және әуе көлігі компаниялары сияқты әртүрлі санаттарда жүздеген үміткерлер бәсекеге түседі.

Source
Breaking Travel News

TuraNews

Back to top button