Басты

Әзірбайжан композиторы Фикрет Амиров Анкарада еске алынды

Туркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің «Елордалық мәдени жол фестивалі» аясында ТҮРКСОЙ және Чукурова мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірлесіп, әйгілі Әзірбайжан композиторы Фикрет Әміровке арналған естелік концерті өтті, деп хабарлайды turksoy.org

Әзербайжанның атақты композиторы Фикрет Әміровтың туғанына 100 жыл толуына орай ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесі жариялаған «Фикрет Әміровті еске алу жылы» аясында «Ада Анкара» Қоғамдық ұйымының мәдениет және өнер орталығында ұйымдастырылған концертті ТҮРКСОЙ Бас хатшысының көмекшісі доц. Dr. Билал Чакыджы, Әзірбайжан Республикасының Елшісі Решад Меммедов, Анкара музыка және бейнелеу өнері университетінің ректоры проф. Dr. Ерхан Өзден, жергілікті мекеме-ұйымдар өкілдері мен өнер сүйер қауым тамашалады.

Концертті дирижер әзірбайжандық Мұстафа Мехмандаров пен Түркиядан келген дирижер Эрай Инал жүргізді. Түрік әлемінің солистері Тейюб Асланов (Әзербайжан), Ноир Юсупов, Феруза Юсупова (Өзбекстан) және Эмрах Сөзер (Түркия) Фикрет Әміровтың туындыларымен өнер сүйер қауымның ризашылығына бөленді.

TuraNews

Back to top button