Саясат

Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді

Іс-шара 2024 жылдың 26 сәуірінде болады.

Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді..

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, іс-шара 2024 жылдың 26 сәуірінде болады. Аталмыш кеңес Қазақстан Республикасының Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.

Оған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі келеді деп күтіледі.

 

Source
ҚР ҚМ

TuraNews

Back to top button