Туризм
Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды

Алматы – Атырау рейсіндегі ұшақтың қозғалтқышына құс түсті.
«Бүгін Алматы – Атырау КС877 рейсін орындаған Airbus A320 әуекемесінің ұшудан кейінгі тексеруінде құстың қозғалтқышқа түскені анықталды. Оның іздері табылды. Техникалық жағдайын бағалау үшін бортты пайдалану тоқтатылды. Осыған байланысты Атырау – Алматы КС878 рейсі кешіктіріліп орындалады», – делінген әуекомпаниясының хабарламасында.