Спорт

Ыстанбұлдағы турнир: қазақстандық балуан қыздардың алғашқы қарсыластары анықталды

Бүгін Ыстанбұлдағы (Түркия) іріктеу турнирінде әйелдер күресінен белдесулер өтеді.

Бүгін Ыстанбұлдағы іріктеу турнирінде әйелдер күресінен қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп жазады ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

50 келі: Лаура Ғаниқызы – Тхи Нгуен (Вьетнам);

53 келі: Марина Седнева – Зельциин Эрнандес Геррой (Мексика);

57 келі: Лаура Алмағанбетова – Енгждин Квон (Оңтүстік Корея);

62 келі: Ирина Кузнецова жарысты екінші айналымнан бастайды;

68 келі: Елена Шалыгина жарысты екінші айналымнан бастайды;

76 келі: Эльмира Сыздықова – Эпп Мяэ (Эстония).

Айта кетелік, қазақ балуандары алты салмақта жолдамаға таласады. Себебі, қазіргі таңда командада бірде бір лицензия жоқ.

 

TuraNews

Back to top button