Спорт
Trending

Ұлттық құрама футболшылары балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының бір топ футболшысы Шымкент қаласындағы балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілермен кездесті.

Іс-шараға Нұралы Әліп, Сергей Малый, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Жасұлан Әмір және Мағжан Тоқтыбай қатысты. Спортшылар балалармен бірге футбол ойнап, еркін форматта сұхбат құрды.

Кездесу барысында бүлдіршіндер ұлттық құрама ойыншыларымен жақын танысып, олардың спорттағы жетістіктері мен кәсіби жолы туралы сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ естелік суретке түсіп, ерекше әсерге бөленді.

Футболшылар балаларға қолдау білдіріп, олардың армандарына сеніп, спортпен белсенді айналысуға шақырды. Шараның басты мақсаты – мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Кездесу соңында ұлттық құрама өкілдері орталық тәрбиеленушілеріне Қазақстан құрамасының жейделері мен естелік сыйлықтар табыс етті.

TuraNews

Back to top button