ӘлемТехнология

Түркияның тұңғыш ғарышкері елге оралады

Бұл туралы Түкрияның Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Кажыр хабарлады.

Түркияның тұңғыш ғарышкері Алпер Гезеравжы елге оралады.

Түркия Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр әлеуметтік желідегі парақшасында Түркияның тұңғыш ғарышкерінің суретін қойып, «Мақтан тұтың, Түркия! Ол (Алпер Гезеравжы) елге оралды» деген жазба жариялады.

Еске сала кетейік, Алпер Гезеравжы мен қасындағы үш ғарышкерден тұратын «Драгон» ғарыш кемесі 10 ақпан күні Америка Құрама Штаттарының Флорида маңына келіп қонған еді.

 

TuraNews

Back to top button