БастыТуризмЭкономика

Түркияға ең көп туристер қай елдерден келеді?

Статистикалық деректерге сай, 2024 жылдың алғашқы екі айында түрік еліне 4,3 миллион шетелдік турист келген.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметінше, қаңтар-ақпан айларында елімізге 4 миллион 341 мың 606 шетелдік қонақ келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық.

Ең көп туристер Иран (437 905 адам), Ресей (433 654) және Болгариядан (345 301) келген. Сондай-ақ  Германия мен Грузия ең көп турсит келетін елдердің қатарында тұр.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2023 жылы және 2024 жылдың алғашқы екі айында Түркияға келген туристтердің жалпы саны 61 миллион 35 мың 443 адамды құрады. Сонымен бірге елдің туризмнен түскен табысы 2022 жылы 46,5 миллиард доллардан 2023 жылы 54,3 миллиард долларға дейін өсіп,  рекордтық көрсеткішке ие болды.

TuraNews

Back to top button