ӘлемСаясат

Түркия тарихындағы ең жас мэр: 22 жастағы Зейнеп Челик кызметіне кірісті

Түркияның батысындағы Чанаккале округінің Енидже ауданына қарасты Қалқым қаласында 22 жастағы Зейнеп Челик жеңіске жетіп, әкім болып сайланды. Челик Түркияның ең жас әйел мэрі атағына ие болды.

Енидже ауданының әйгілі кәсіпкерлерінің бірі Мехмет Челиктің қызы 22 жастағы Зейнеп Челик жергілікті билік сайлауына тәуелсіз кондидат ретінде қатысты.

Туркидағы жергілікті сайлауда жеңіске жеткен Зейнеп Челик Калким қаласының мэрі болды.

«Бірлескен күш-жігеріміз және дұғаларымызбен бастаған осы қызмет сапарында қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Калкимге абыройлы қызмет етіп, алдағы 5 жылда халқымызды күн сайын бағалай білуге міндеттімін. Бұл жетістік бәріміздікі», – деді Зейнеп Челик.

 

TuraNews

Back to top button