БастыСаясат

Түркия президенті жаңа конституция қабылдау қажет екенін мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 1980 жылғы әскери төңкерістен кейін қабылданған қазіргі конституцияың орнына жаңа конституция қабылдау керектігі туралы мәлімдеді

Түркия президенті 1961 жылы әскери төңкерістен кейін бұрынғы премьер Аднан Мендерес пен оның екі министрі жазаланған Ыстанбұл маңындағы мәрмәр теңізіндегі «демократия мен бостандық аралында» тағы да жаңа конституция қабылдау бастамасы туралы айтты. 

«Біз қастандық жасаушыларды арада 64 жыл өтсе де, ғасыр өтсе де кешірмейміз»,-деп мәлімдеді Түркия президенті.

Түркия президентінің сөзінше, қолданыстағы конституция бүгінгі күн талаптарына жауап бере алмайды, тіпті елдің абыройына нұқсан келтіреді.

«Біз өзінің 100 жылдығын атап өткен ұлтымызды төңкеріс конституциясымен өмір сүруге мәжбүрлей алмаймыз. Біз мұндай қорлыққа шыдамаймыз. Жаңа конституция 28-ші заң шығару мерзімінің ұлттық парызы.», -деді Ердоған

Сондай-ақ, Түркия президент жаңа конституцияның бейбіт адамдар жасаған инклюзивті және либералды болуы керектігін айтты.

«Біз қол жеткізген барлық жетістіктерлі жаңа Конституциямен жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Түркияға бейбіт тұрғындар жасаған инклюзивті және либералды конституцияны қажет», – деп айтты Түркия басшысы.

Айта кетейік, конституцияға түзетулер депутаттардың дауыс беруімен қабылданады, оны мақұлдау үшiн дауыс беру керек.

TuraNews

Back to top button