БастыСаясат

Түркия НАТО бас хатшысы қызметіне Марк Рюттенің кандидатурасын қолдайды

Түркия НАТО-ның жаңа бас хатшысы қызметіне Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттенің кандидатурасын қолдайды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, Анкара өзінің шешімі туралы Солтүстікатлантикалық альянстың басқа мүшелерін хабардар еткен. Өткен аптаның басында Рютте Ыстанбұлда блоктың жаңа басшысын сайлау мәселесінде Түркияның қолдауын алу мақсатында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. 

Бетпе-бет кездесу форматында өткен келіссөздер 26 сәуір күні «Вахдеттин» резиденциясында өтті.

Кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатында Рютте «НАТО-ның оңтүстік қанаты Түркия мен оның қолбасшылығына мұқтаж» екенін мәлімдеді.

«Түркия маңызды рөл атқарады. Ол Газадағы жағдайды реттеуге, сондай-ақ Украинадағы сұмдық соғысты тоқтатуға күш салуда. Осы орайда сіз маңызды рөл атқарасыз», – деді Нидерланд үкіметінің басшысы.

Source
Анадолу Агентсва

TuraNews

Back to top button