ӘлемСаясатЭкономика

Түркия мен Өзбекстан арасында бес бірдей маңызды келісімге қол қойылды

Анкарада өткен жоғары деңгейдегі кездесулер аясында Түркия мен Өзбекстан арасында сауда, әлеуметтік қамсыздандыру және іскерлік ортаны қолдау салаларын қамтитын 5 маңызды құжатқа қол қойылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы әріптестікті тереңдететін төмендегі келісімдер рәсімделді:

  • Ел шекарасынан өтетін көлік құралдары мен жүктер туралы алдын ала ақпарат алмасу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу;

  • Екі ел арасындағы Преференциялық сауда келісімін өзгерту туралы хаттама;

  • Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және оны қолдануға қатысты әкімшілік келісім;

  • Іскерлік орта мен бизнес өкілдереін қолдау мақсатында Жоғары деңгейдегі кеңес құру туралы келісім.

Бұл құжаттар бауырлас екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған.

TuraNews

Back to top button