Спорт
«Толағай» – отбасылық құндылықтарды насихаттаған сайыс

Жаңаарқа ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Толағай» отбасылық сайысы ұйымдастырылды.
Аталған сайыс Жаңаарқа ауданының Жастар орталығы мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Сайыс барысында отбасылар түрлі спорттық және көңілді эстафеталар бойынша бақ сынапөздерінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетті. Қатысушылар үшін бұл жарыс спорттық бәсекемен қатар, отбасымен бірге уақыт өткізудің және өзара қолдауды нығайтудың жақсы мүмкіндігі болды.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан отбасылар марапатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады.


