ӘлемБастыҚоғамТехнология

Ташкент көшелерінде робот-полицейлер кезекшілікте жүр

Қоғамдық тәртіпті бақылайтын роботтар Ташкент көшелеріне кезекшілікке шықты.

Өзбекстанның Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінен мәлім еткендей, робот профилактика инспекторының көмекшісі қызметін атқарады.

Оның міндеті — қала мен ауылдық жерлерде құқық бұзудың алдын алу.

Инспектордың төрт дөңгелекті көмекшісі 180 және 360 градус аумақты қамтитын сапалы камера, арнайы шам, GPS, аудио, видео жазба функциясымен жабдықталған.

Робот барлық құқық бұзушылықтарды анықтауға қауқарлы.

Тіпті қоқысты белгіленбеген жерге тастау фактілерін де тіркейді.

Кейін деректер онлайн режимде профилактика жөніндегі инспектордың планшетіне түседі.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button