БастыСаясат

Тәжікстан Ресейге наразылық нотасын тапсырды

Ресей Федерациясының Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке Ресей Федерациясының аумағындағы Тәжікстан азаматтарына "теріс көзқарастың" жаппай сипат алуына байланысты қатты алаңдаушылық білдірілді.

Тәжікстан СІМ Ресей Федерациясының Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке Ресейдегі тәжік азаматтарының құқықтарына нұқсан келтіруге наразылық нотасын табыс етті, деп хабарлайды TuraNews.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ресей дипломатына Ресей Федерациясының аумағындағы Тәжікстан азаматтарына «теріс көзқарастың» жаппай сипат алуына, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты қатты алаңдаушылық білдірді.

«Нотада мұндай іс-әрекеттер тек Тәжікстан азаматтарына қатысты қолданылып жатқанын және бұл тәжік-ресей қатынастарының рухы мен дәстүрлеріне түбегейлі сәйкес келмейтіні атап өтілді», – делінген Тәжікстан СІМ хабарламасында.

TuraNews

Back to top button