БастыҚоғам
Trending

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына елеулі қауіп төндіріп, азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен әділдік қағидаттарына нұқсан келтіретін құбылыс. Оған қарсы іс-қимыл – мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оған мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыру маңызды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабында пара бергені үшін жауапкершілік көзделген. Сондықтан мәселені заңсыз сыйақы арқылы шешуге тырысу – «көмек» немесе «қызмет» емес, заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылық.

Әрқайсымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлесімізді қоса аламыз: заң талаптарын сақтау, пара бермеу және алмау, қызметтік жағдайды жеке мүдде үшін пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейжай қарамау.

Адалдық – әр адамның жеке таңдауынан басталады. Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік – әділетті әрі мықты қоғамның негізі.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Заң мен тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік!

TuraNews

Back to top button