БастыТуризм

Сеулдегі туризм көрмесінде Қазақстан ең үздік деп танылды

Қазақстан стенді Сеулдегі SITF (Seoul International Travel Fair) халықаралық туристік көрмесінде ұсынылды. Іс-шараға әлемнің 70 елінен 800 экспонент және 120 мыңнан астам келушілер жиналды, деп хабарлайды Turanews.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация құрамында отандық туроператорлар, авиакомпаниялар және басқа да бизнес өкілдері болды. Стендті Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Іскерлік бағдарламадан басқа, келушілердің назарын стендке аудару үшін ұлттық үлгіде киінген актерлер мен музыканттар шақырылды, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл көрмені ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады, қазақстандық делегацияның стенд аясындағы іс-шаралары  үздік  танылып, арнайы сыйлықпен марапатталды.

«SITF сынды ауқымды көрмелерге қатысу Қазақстанға басқа елдерден туристерді тарту үшін өте маңызды. Мысалы, өткен жылы елімізге Оңтүстік Кореядан 16 мың қонақ келді. Осындай стендтермен біз елімізге келушілер санын ұлғайтуды, сондай — ақ әлеуетті туристерді Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық дәмімен таныстыруды мақсат етіп отырмыз», — деп атап өтті ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

фото: МСМ баспасөз қызметі

TuraNews

Back to top button