Қоғам
Trending

Қызмет әуенмен тоғысқанда: ШҚО полицейлері тұрғындарға мерекелік концерт сыйлады

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарына шығармашылықты, патриотизмді және шынайы эмоцияларды тоғыстырған жарқын музыкалық мереке тарту етті.

Бұл кеште ішкі істер органдарының қызметкерлері көрермендер алдында тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуші мамандар ретінде ғана емес, сонымен қатар талантты өнерпаздар ретінде де танылды. Концерттік бағдарламаның ерекше көркіне айналған Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хоры мен шығармашылық ұжымның солистері жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Сахна төрінде Отанға, қызметке, ар-намысқа, антқа адалдыққа және туған жерге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық және танымал музыкалық шығармалар орындалды. Әрбір өнер көрсетілімінен шынайылық пен жан жылуы сезіліп тұрды, ал көрермендер әртістерді ыстық ықыласпен қарсы алып, қошеметке бөледі.

Концерт тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар ішкі істер органдарының ашықтығын көрсетіп, полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтудың жарқын үлгісіне айналды. Осындай кездесулер полиция қызметкерлерін жаңа қырынан танып, олардың өз ісіне адал, қоғамның мәдени және рухани құндылықтарын бөлісетін жандар екенін көруге мүмкіндік береді.

Мерекелік кеш өңір тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлап, Қазақстан полициясы күніне арналған маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Бұл шара полицейлік форманың артында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің мәдени өмірінің дамуына да үлес қосып жүрген жандар тұрғанын дәлелдеді.

TuraNews

Back to top button