ӘлемДенсаулықЭкономика

Қытай Өзбекстанда вакцина шығаратын кәсіпорын ашады

Қытайдың «JINHAI Technology» компаниясы Өзбекстанда вакцина шығаратын кәсіпорын ашады.

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігінде қытайлық «JINHAI Technology» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz Uza агенттігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, кейінгі жылдары Өзбекстанда мал шаруашылығын дамыту басым бағыт ретінде қарастырылып келеді. Дегенмен, мал басын көбейту, оны жұқпалы аурулардан қорғау бағытында әлі де атқарылар істер көп.

©Uza

Бүгінде Өзбекстанда жиі кездесетін мал ауруы ірі қара басына үлкен зиян келтіретіні, бұл дертке қарсы вакцина шетелден әкелініп, қаржы шығыны артып жатқаны айтылды.

«Бұл мәселенің шешімі ретінде «JINHAI Technology» компаниясының өкілдері Өзбекстанда малды жұқпалы аурулардан қорғайтын вакциналар шығаратын бірлескен бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды. Бұл ұсынысты министрлік өкілдері мақұлдап, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті», делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button