Басты

«Қостанай облысындағы өрттің себебі ретінде бірнеше нұсқа қаралып жатыр»

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында Қостанай облысындағы өрттің ықтимал себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірнеше нұсқа қаралып жатыр. Оның ішінде адам факторын да жоққа шығармаймыз. Қазір прокуратура қозғалған қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр – отты абайсыз пайдалану, қасақана өртеу. Сондықтан, нақты кінәлілер тергеу іс-шаралары барысында анықталады», – деді Юрий Ильн.

БАҚ өкілдері «орман өрті снарядтан тұтанған» деген нұсқа айтылып жатқанын алға тартып, оның қаншалықты негізді екенін сұрады.

«Ол ауданда ешқандай снаряд, ешқандай оқ ату болған жоқ. Заңсыз алтын қазушылар мен ағаш кесушілер туралы нұсқалар қылмыстық істер аясында пысықталады. Орман шаруашылығы кімге, қанша ағаш кесуге рұқсат бергені де анықталады. Осыны ескерсек, бұл жерде табиғаттан тыс фактор қаралып отыр. «Қазгидромет» мәліметі бойынша ол ауданда найзағай болмаған. Сондықтан, адам факторы бір нұсқа ретінде қарастырылады. Тергеу қорытындысы бойынша айқындалады», – деді министр.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button