
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Бакуде өткен BEW 2026 халықаралық энергетикалық форумы аясында Түркия Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, Қазақстан мен Түркияның ұлттық компаниялары арасындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ энергетика секторындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, төмен көміртекті энергетиканы дамыту және инвестициялар тарту мәселелері де қаралды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.



