БастыСаясат

Қазақстан Газа секторынан азаматтарды эвакуациялауды бастады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әскери қақтығыс жалғасып жатқан Газа секторынан ел азаматтарын эвакуациялау басталғаны туралы хабарлады, деп жазады TuraNews.kz.

«Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі Елшіліктерінің үйлесімді және нақты іс-қимылының арқасында бүгін отандастарымызды Газа секторынан эвакуациялау процесі басталды. Бүгін, 13 қарашада 44 азаматтан тұратын бірінші топтың эвакуациясы жоспарланған. Бұл топқа Қазақстанның 40 азаматы және олардың 4 шетелдік отбасы мүшелері кіреді», – деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстаннан бөлек Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланд, Ұлыбритания және АҚШ өз азаматтарын эвакуациялайды.

TuraNews

Back to top button