БастыҚоғамТехнология

Қазақша ChatGPT жыл соңына дейін іске қосылады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышты дамыту министрі Жаслан Мәдиев қазақ тіліндегі ChatGPT қашан іске қосылатынын айтты.

– Әрине, ол өте маңызды жоба. Қазіргі таңда біз QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз. Ол үлкен тілдік модель. Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 6 млрд-қа жуық токен жиналды. Біздің мақсат — 100 млрд токенге дейін жеткізу. Осы жылдың соңы – желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп ойлаймыз, – дейді Мәдиев.

©Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Айта кетейік, ChatGPT – америкалық коммерциялық емес OpenAl компаниясының нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат алмасуға мүмкіндік бар. Кез келген сұрақ қойып, тапсырма да бере аласыз. Сәйкесінше, соңғы уақытта бұл желіге тұрғындардың сұранысы арта бастады.

 

TuraNews

Back to top button