Басты

Қазақ армиясы — Орталық Азиядағы ең үздік армия

Жаңа жылда әлемдегі ең қуатты армиялардың тізімі жаңартылды.

АҚШ-тың «Global Firepower» әскери статистикалық сайты жасаған рейтингіде Қазақстан армиясы 58-орынға тұрақтады. Тізім бойынша қазақ әскері Орталық Азиядағы ең күшті армия атанды, деп хабарлайды TuraNews.kz Түркия Радио Телевизия (TRT) порталына сілтеме жасап.

Түркиялық басылымның дерегінше, Қазақстандық әскерилер рейтингіде бес сатыға көтеріліп, әскери қуаттылық рейтингінде 58-орынға орналасты.

2023 жылы Қазақстан армиясы 63-ші орында болатын. Қазақстан армиясының қорғаныс шығындары 7,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Әскери қызметкерлердің жалпы саны 300 мың адамға жетті.

TuraNews

Back to top button