БастыСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді әуежайдан шығарып салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды.

Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады.

©Akorda

Айта кетейік, «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өткен болатын.

 

TuraNews

Back to top button