Саясат
Trending
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Еуропа Одағы жетекшілерімен келіссөз алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.



