Спорт
«Қайрат» пен «Тобылдың» еурокубоктардағы ықтимал қарсыластары анықталды
Алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарын білді.
УЕФА-ның Швейцариядағы штаб-пәтерінде өткен жеребе тарту нәтижесі бойынша, Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде Кипрдің «Омониямен» ойнайтын «Қайрат» бұл жұптан басым түссе, келесі айналымда «Левски» (Болгария) — «Университатя Крайова» (Румыния) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. Жеңілген жағдайда Еуропа лигасының үшінші кезеңіне өтіп, «Мьельбю» (Швеция) — «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының ұтылған командасымен күш сынасады.
Ал Конференция лигасының екінші кезеңінде Литваның «Паневежисімен» шеберлік байқасатын «Тобыл» келесі кезеңге өтсе, «Партизан» (Сербия) — «УНА Штрассен» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі.



