Қоғам

Өзбекстанда жүк тиелген 7 вагон рельстен шығып кетті

Өзбекстанның Ташкент облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті.

«Узбекистон темир йуллари» компаниясынан мәлім еткендей, оқиға 18 мамыр күні болған. «BN Grain and Oil Group» кәсіпорынының қызметкерлері вагондағы жүкті қабылдап алу сәтінде теміржол құрылғысын қолдану ережесін сақтамаған.

«Вагондардағы жүкті түсіру кезінде кәсіпорынның қызметкерлері тиісті талаптарды сақтамаған. Атап айтқанда, олар арнайы арқанның көмегімен вагондарды сүйремек болған. Нәтижесінде арқан ілініп тұрған құрылғыдан шығып кетіп, вагондар өз епкінімен жүріп кеткен», – деп оқиғаның мән-жайын түсіндірді «Узбекистон темир йуллари» компаниясынан.

Жұмысшылар вагондарды тоқтатуға тырысқанымен, олардың екеуі рельстен шығып кеткен, тағы бесеуі бүйіріне құлаған.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button