Қоғам

Отбасы – адамның ең үлкен тірегі

Бүгін Сәтбаев қаласында тұрғындармен отбасы құндылықтары тақырыбында жылы әрі мазмұнды сұхбат жүргізілді.

Сұхбат барысында тұрғындар үшін отбасының маңызы, өзара сыйластық, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік пен бірлік туралы өз ойларымен бөлісті.

Отбасы – тек бір шаңырақ астында өмір сүру емес. Ол – бір-біріне қолдау көрсету, қиындықта жанынан табылу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және балаға дұрыс тәрбие беру.

Әр отбасының өзіндік құндылығы бар. Бірақ барлығын біріктіретін ортақ дүние – сүйіспеншілік, сенім, құрмет және жауапкершілік.

Бақытты отбасы – бақытты қоғамның негізі.
Бүгінгі сұхбатта айтылған әрбір пікір отбасылық құндылықтардың қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.

TuraNews

Back to top button