Басты

Нұр-Сұлтан атауы «Астана» болып өзгертіледі

Елорда атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

«Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», – деп хабарлады баспасөз хатшысы.

TuraNews

Back to top button