ӘлемСаясат

Израиль БҰҰ-ның Палестина аумағындағы үйлестірушісін елден шығармақ

Израильдің Сыртқы істер министрі Эли Коэн БҰҰ-ның Палестина аумағындағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Линн Хейстингстің елде тұру ықтиярхатын алып тастайтынын мәлімдеді, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.

«Біз бұдан былай БҰҰ-ның біржақтылығына үнсіз қарап отыра алмаймыз! ХАМАС-ты 1200 израильдікті қатыгездікпен өлтіргені үшін, сәбилер мен қарттарды ұрлағаны үшін, жан түршігерлік қорлау мен зорлау үшін, Газа тұрғындарын тірі қалқан ретінде пайдаланғаны үшін айыптағанның орнына өз азаматтарын қорғайтын демократиялық ел Израильді кінәлаған адам БҰҰ-да қызмет ете алмайды және Израильге кіре алмайды!» – деп жазды Израиль СІМ басшысы Х әлеуметтік желісінде.

Канадалық Линн Хейстингс БҰҰ өкілі ретінде Израильді Газа секторындағы әрекеттері үшін үнемі сынға алды және Израильді ХАМАС-пен қатар халықаралық құқықты сақтауға шақырды.

Израильдің Хейстингс визасын ұзартпау ниеті туралы БҰҰ-ға хабарлағанын БҰҰ Бас хатшысының баспасөз қызметі журналистерге өткен аптада айтты.

Via
BBC

TuraNews

Back to top button