Әлем

Иран президенті Мәскеуге барды

Иран президенті Эбрахим Раиси ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы Ресейдегі ислам мемлекетінің елшісі Казем Джалали мәлім етті, деп жазады TuraNews.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Иран президенті Эбрахим Раиси Мәскеуге РФ басшысы Владимир Путинмен кездесуге келді», — делінген елшінің Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Ресейдегі ислам республикасының елшісі Казем Джалали атап өткендей, оқиғалар қарқынмен өзгеріп жатқан қазіргі жағдайда Иран басшысының сапары және Тегеран мен Мәскеудің өзара әрекеттестігі «жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыруға маңызды үлес қосып отыр».

Сәрсенбі күні Кремльдің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Путин мен Раисидің келіссөзі барысында сауда-экономикалық ықпалдастық, соның ішінде көлік және энергетика мәселелері талқыланады, сондай-ақ негізгі халықаралық және өңірлік тақырыптарға қатысты пікір алмасу болады.

 

TuraNews

Back to top button