ӘлемСаясат

Грузия премьер-министрі қызметінен кетті

Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили отставкаға кеткенін мәлімдеді.

Eл астанасы Тбилисидегі үкімет ғимаратында жасаған мәлімдемесінде Ираклий Гарибашвили Грузия премьер-министрі қызметінен кеткенін білдірді.

«Жұртшылықты командаммен талқылаған шешімім туралы ақпараттандырғым келеді. Бүгін мен премьер-министр қызметінен кетемін», — деп мәлімдеді Гарибашвили брифинг барысында.

Гарибашвили брифингіне дейін басқарушы партияда бұл тақырыптағы барлық әңгіме – өз пайдасы үшін пайдаланып қалушылық екенін айтты.

Бұл – Гарибашвилидің премьер қызметіндегі екінші отставкасы. Ол үкімет басына бірінші рет 2013 жылы келіп, Бидзина Иванишвилидің орнын басқан және 2015 жылдың 30 желтоқсанында отставкаға кетті. 2021 жылдың 22 ақпанында Гарибашвили екінші рет Грузия премьер-министрі болды. Ол жолы Георгий Гахарияның орнына келген.

Грузия БАҚ-тары Гарибашвилидің қызметтегі ізін жалғастырушы Ираклий Кобахидзе болуы мүмкін екенін айтады. Ол қазіргі уақытта «Грузин арманы» басқарушы партиясының төрағасы қызметін атқаруда.

«Саяси кеңесте жазға дейін, сайлау науқаны басталғанша қалу мүмкіндігін талқылағанымды жасырмаймын, бірақ бұл шешімді қазір қабылдадым. Келесі премьер-министр өз командасын уақтылы ұсынып, жаңа үкімет құрғаны маңызды. Жаңа премьер-министрге сәттілік тілеймін», — деді Гарибашвили.

 

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button