Әлем

Газада 189 күнде қаза тапқандар саны 33 634-ке жетті

2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 634-ке жеткен.

Бұл туралы Газаның денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады TRT Haber.

«Кейінгі 24 сағат ішінде 89 палестиналық Израиль шабуылдарының құрбаны болған, тағы 120 адам жарақат алды. Қаза тапқан адамдардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде жатыр. Израиль күштерінің кедергілерінен жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары оларға жете алмайды», — деп хабарлады аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ министрлік 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан Израиль шабуылдарында қаза тапқандардың жалпы саны 33 634-ке, жараланғандар саны 76 214-ке жеткенін атап өтті.

 

TuraNews

Back to top button